Қоғам

Алматы тұрғыны жүк көліктерін тоқтатуға шақырғаны үшін 15 тәулікке қамалды

Сурет: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны жүк көліктерін жаппай тоқтатуға үндегені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер әлеуметтік желіде тараған бейнеүндеудің авторын анықтады. Онда жүргізушілер салмақ шектеулеріне қарсы наразылық акциясына шақырылған.

«41 жастағы Асылжан Баймұханов 1 қарашада жүк көліктерін ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған. Ол рұқсат етілмеген жаппай іс-шара ұйымдастыруға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасын тағайындады.

Көп оқылғандар