Сурет: Depositphotos.com
Қазақстанға келетін шетелдіктер үшін кіру және болу тәртібі жаңарады. Жаңа ережелер 1 қарашадан бастап бір әуежайда және төрт автомобиль өткізу орнында қолданысқа енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Визасыз сапарлар кезінде электрондық рұқсат талап етіледі. Жаңа тәртіп кезең-кезеңімен енгізіледі.
2026 жылғы 1 қарашадан бастап Ақтау халықаралық әуежайы мен Павлодар облысындағы «Үрлітөбе», Жамбыл облысындағы «Аухатты», Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нурлы Жол» автомобиль өткізу орындарында қолданылады.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана мен Алматы халықаралық әуежайларында, ал 2027 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік шекарадағы барлық басқа өткізу орындарында іске қосылады.
Осы кезеңдерде шетелдіктерге рұқсатты ресімдеу қажеттілігі түсіндіріледі. Рұқсат болмаған жағдайда елге кіруге әзірге бас тартылмайды.
85 елдің азаматтары Қазақстанға кіру үшін QazETA жүйесі арқылы электронды рұқсат рәсімдейді.
Мазмұнға өту
