Сурет: magnific.com
«Қазгидромет» синоптиктері бүгінгі күнге арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы ықтимал. Мұндай жағдайлар — тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы, олар атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
«2026 жылғы 1 қарашада Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Мазмұнға өту
