Қаржы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 35 пайызға өсті

Сурет: ашық дереккөз

Елімізде астықты терең өңдеу саласын дамытуға және дайын өнім экспортын ұлғайтуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биыл өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 35 пайызға артты.

Жалпы құны 4 миллиард доллар болатын 6 ірі инвестициялық жоба іске асырылуға жоспарланып отыр. Жаңа кәсіпорындар крахмал, биоэтанол және мал азығы өнімдерін шығаратын болады.

Бұл отандық шикізатқа деген сұранысты көтеріп, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы – еліміз үшін стратегиялық маңызы зор салалардың бірі. Сондықтан бұл бағытты жүйелі әрі прагматикалық тұрғыдан дамытып келеміз. Ең алдымен, мақсатымыз – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен экспорттау арқылы экономикалық табысқа қол жеткізу де маңызды.

Көп оқылғандар