Қоғам

1 қарашада Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Сурет: istockphoto.com

1 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік және шығыс аймақтарда көктайғақ қаупі бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны ел аумағында желді күшейтеді. Күндіз оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейтінін болжап отыр.

Бұған дейін «Қазгидромет» қыс айларына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Көп оқылғандар