Қоғам

Астанада Р.Қошқарбаев пен М.Жұмабаев қиылысы уақытша жабылады

Сурет: ашық дереккөз

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бір қиылыста көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 2 қазан күні сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін Р.Қошқарбаев даңғылы мен М.Жұмабаев даңғылының қиылысы уақытша жабылады.

«Маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз», делінген хабарламада.

Бұған дейін Р.Қошқарбаев даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысында көлік қозғалысы шектелген болатын.

Сондай-ақ, бұрын елордада Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесі уақытша жабылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Көп оқылғандар