Басты тақырып

Тоқаев пен ТМД басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады

Сурет: aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларымен бірге ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Түрікменстан павильонында қонақтарға жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері ұсынылды. Сондай-ақ әдеби-сазды «Оғыздар» қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірнеше тақырыптық алаңнан тұрды.

Мемлекет басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу үдерісі таныстырылды.

Фестиваль барысында президенттер «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Көп оқылғандар