Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлеуметтік желіде Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190 ұшағының толық бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарияланған кадрларда әуе кемесінің жерге жақын биіктікте ұшып бара жатқаны байқалады. Ұшақ біртіндеп төмендеп, ғимараттардың артына жасырынған соң қайтадан көрінеді. Көп ұзамай ол жерге соғылып, өртке оранады.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау түбінде Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұшақ апатын тергеуге бар күшін салатынын мәлімдеді.
Қаза тапқандар қатарында 3 экипаж мүшесі болды. Апаттан аман қалғандар жергілікті ауруханада ем қабылдады.
Еліміздің құзырлы органдары апат салдарынан қаза тапқан шетел азаматтарының мәйіттерін туған елдеріне жеткізуге белсенді атсалысты.
Мазмұнға өту
