Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлеуметтік желіде Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190 ұшағының толық видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада әуе кемесінің жерге жақын биіктікте ұшып бара жатқаны байқалады. Ұшақ біртіндеп төмендеп, ғимараттардың артына жасырынған соң қайтадан көрінеді. Көп ұзамай ол жерге соғылып, өртке оранады.
25 желтоқсанда Ақтау түбінде Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны естеріңізде болса, сол оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұшақ апатын тергеуге барынша күш салатынын айтқан болатын.
Қаза тапқандар қатарында экипаждың 3 мүшесі бар. Апаттан аман қалғандар жергілікті ауруханада ем қабылдады.
Сонымен қатар, еліміздің құзырлы органдары апат салдарынан қаза тапқан шетелдік азаматтардың мәйітін туған еліне жеткізуге белсенді атсалысты.
Мазмұнға өту
