Сурет: magnific.com
22 қарашада еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін, кейбір өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, оңтүстікте ауа райы жылы болады: термометр +20 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Астанада түнде 0…-2, күндіз +6…+8 градус болжанады. Алматыда күндіз +15…+17, Шымкентте +18…+20 градус жылы болады.
Ақтауда жаңбыр жауып, тұман түседі. Атырау мен Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде аздаған жаңбыр жауады.
Қостанай мен Петропавлда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Көкшетауда күндіз аздаған жаңбыр жауады. Павлодарда түнде ауа температурасы -5…-7 градусқа дейін төмендейді.
Қарағанды мен Жезқазғанда күндіз +6…+11, Семей мен Өскеменде +6…+8 градус болады.
Оңтүстік өңірлерде ауа райы жайлы: Таразда күндіз +17…+19, Түркістанда +16…+18, Қызылорда мен Талдықорғанда +15…+17 градус күтіледі. Қонаевта температура +13…+15 градусқа дейін көтеріледі.
Бұған дейін «Қазгидромет» қыс айларына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мазмұнға өту
