Сурет: magnific.com
Ирактың Басра қаласының солтүстігінде орналасқан «Әл-Хариса» жылу электр станциясында өрт шығып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тағы 35 адам зардап шекті. Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6 шамасында тұтанған. Оны сөндіруге азаматтық қорғаныс қызметі мен қауіпсіздік күштері жұмылдырылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің көбі күйік шалған, бірқатары түтінге уланған. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Мазмұнға өту
