Сурет: ашық дереккөзден
Непал мен Тибетте жоғалып кеткен үш қазақстандық әйелдің бірі байланысқа шығып, Қазақстанда екені расталды. Ол қайғылы оқиға болған аймаққа бару жоспарын алдын ала тоқтатқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қалған екі әйелдің қайда екені әлі белгісіз. Олардың туыстары Непал мен Қытай тарапының талаптарына сәйкес генетикалық сараптама жүргізу үшін биологиялық материал тапсырды.
Непал мен Қытайда су тасқыны 26 тамызда болған. Қазіргі уақытта кемінде 5 285 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында тұр.
Непал тарапының мәліметінше, елдегі іздеу-құтқару жұмыстары 5 қазанда аяқталған.
