Қоғам

Министр Әуезов театрындағы қайта жаңғырту барысын тексерді

Сурет: istockphoto.com

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары барысында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барып, ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрге құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі кезеңі және театрды техникалық жабдықтау жоспары таныстырылды. Жұмыс сапасына, құрылыс талаптарының сақталуына және қайта жаңғыртуды белгіленген мерзімде аяқтауға ерекше назар аударылды.

Биыл Әуезов театрының құрылғанына 100 жыл толады. Қайта жаңғырту жобасы ғимараттың тарихи-сәулеттік келбетін сақтауды, әртістер мен көрермендерге қолайлы жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ сахна өнерінің заманауи талаптары, қауіпсіздік және техникалық жабдықтау мәселелері ескеріледі.

Айта кетейік, М.Әуезов атындағы драма театр музейінде 300 мыңнан астам жәдігер сақталған.

Көп оқылғандар