Қоғам

«Жолаушылар тасымалы» пойыз билеттеріне 25% жеңілдік жариялады

Сурет: ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ елімізде сұранысқа ие бағыттардың бірінде теміржол билеттеріне арнайы жеңілдік ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Компания хабарламасына сәйкес, 2026 жылғы 2–5 қараша аралығында №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен алуға болады. Бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ пойыз локомотив қызметтерінің бағасын 50%-ға көтеруді ұсынған болатын.

Көп оқылғандар