Сурет: aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы шеңберінде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесін аралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, Президентке Qazaq AI Research University базасында әзірленген AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, сондай-ақ Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен қатар көрме қонақтары «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.
Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.
