Басты тақырып

Астанада «Мәңгілік ел» қақпасы маңында ЖКО болды

Сурет: tmatic.travel

Астанадағы «Мәңгілік ел» қақпасының жанында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жеңіл көлік алаң аумағындағы қоршауды бұзып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала деректерге сәйкес, жүргізуші Бұқар жырау көшесінен келе жатып, көлік басқаруын жоғалтқан. Соның салдарынан көлік алаң аумағына шығып кеткен.

«Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», делінген Полиция хабарламасында.

Бұған дейін Астанада автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 4 адам зардап шеккен еді.

Көп оқылғандар