Сурет: Egemen Qazaqstan
Александр Бублик Шанхайдағы ATP 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына өтті. Екінші айналымда ол чехиялық Томаш Махачты 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге 61 865 доллар, яғни шамамен 28,1 млн теңге әкелді. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.
Осылайша, екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп 3:0 болып, Бубликтің пайдасына шешілді. Турнирдегі жеңісі үшін ол 50 рейтингтік ұпайға ие болды.
Үшінші айналымда Александр Бублик америкалық Брэндон Накашимамен ойнайды. Накашима әлемдік рейтингте 18-орында тұр.
Егер отандасымыз төртінші айналымға өтсе, тағы 105 720 доллар және 100 рейтингтік ұпай иеленеді.
