Сурет: ҰОК
Отандық жүзуші Ғалымжан Балабек Ташкенттегі әлем кубогында Қазақстанның жаңа ұлттық рекордын орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3 минут 47,13 секунд уақыт көрсетіп, 12-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже ел рекорды ретінде тіркелді.
Жарыста АҚШ өкілі Карсен Фостер 3:37.39 уақытпен алтын медаль алды. Бельгиялық Лукас Пьер А. Энво 3:37.74 секундпен күміс жүлдеге қол жеткізсе, Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Мэттью Колдуэлл 3:40.95 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, жүзуден әлем кубогының Ташкенттегі кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.
Еске салайық, жуырда Жапонияда өткен Азия ойындарында әртістік жүзуден Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова қола медальге ие болды.
