Сурет: Қорғаныс министрлігі
Астанада 9 қазаннан бастап әскери авиацияның жаттығу ұшулары өткізілуде. Ал 10-14 қазан аралығында елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, жақын күндері елордада бірнеше халықаралық саяси іс-шара өтеді.
Оларды ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдары мен Қарулы күштердің ресурстары жұмылдырылады.
«Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада бірқатар автобус маршрутының қозғалыс бағыты өзгергені хабарланған болатын.
