Қаржы

Қазақстан жылқы саны бойынша Орталық Азияда көш бастады

Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік төрттікке енді. FAO-ның 2024 жылғы мәліметінше, елімізде 4,4 млн жылқы бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш Қазақстанға Қытайды басып озып, Орталық Азиядағы көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Әлемдік рейтингте Мексика 6,4 млн жылқымен бірінші орында тұр. Екінші орында – Бразилия (5,7 млн жылқы), үшінші орында – Моңғолия (4,7 млн жылқы).

Қазақстаннан кейінгі бесінші орында Қытай тұр – елдегі жылқы саны 3,5 млн. Осылайша, Қазақстандағы жылқы саны Қытайдағы көрсеткіштен шамамен 900 мың басқа көп.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан көш бастап келеді. Екінші орында Қырғызстан – 553,5 мың жылқы. Бұл көрсеткіш елді әлемдік рейтингте 17-орынға шығарған.

Ал Өзбекстанда – 283 мың, Тәжікстанда – 92 мың, Түрікменстанда 27,6 мың жылқы тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше жыл бұрын Қазақстан даласына қайта әкелінген Пржевальский жылқысы жаңа мекеніне толықтай бейімделе бастағанын жазған болатынбыз.

Көп оқылғандар