Сурет: ҰҚК
Үш ер адам 24 шілдеде балық аулау барысында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын рұқсат етілмеген жерден заңсыз кесіп өтті. Оларды ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шетел азаматтарына қатысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарақия аудандық соты Иранның үш азаматын кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысына бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кейін Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылданды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам балық тәркіленген болатын.
