Сурет: Egemen Qazaqstan
Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының тежелуі әлемдік азық-түлік дағдарысына әкелуі ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың болжамынша, жекелеген өңірлерде астық бағасы 80%-ға дейін қымбаттауы мүмкін. Сонымен қатар, тыңайтқыш тасымалының шамамен үштен бірі осы өткел арқылы өтеді. Логистикалық іркіліс экспорт көлемін 40%-ға төмендеткен.
Эль-Ниньо құбылысы да жағдайды ушықтырып отыр.
Айта кетейік, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын белгіледі. Сондай-ақ шаруаларды қолдау мен астық экспортын ынталандыруға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысының оңтүстік аудандарының шаруаларымен өткен кездесуде айтқан болатын.
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз логистика мен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндамасында Қазақстаннан қай елдерге көп астық жөнелтілетінін жеткізді.
