Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ-тың Иранға қарасты Кешм аралына соққы жасауы әлемдік мұнай нарығында бағаның өсуіне әкелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Brent маркалы мұнайдың баррелі 105 долларға, WTI маркасы 97 долларға саудаланып отыр.
Бұған дейін инвесторлар келіссөздерден үміт күтіп, мұнай бағасының 6%-дан астам төмендеуіне ықпал еткен. Алайда қақтығыстың жақын арада бітуіне деген сенім әлсіреді.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасы алдағы уақытта одан әрі қымбаттауы мүмкін.
Әлемдік шикізат нарықтарындағы баға саясаты әртүрлі бағытта құбылып тұр. Мұнай бағасы бір айда шамамен 20%-ға өсті.
Еуропада табиғи газ құны 2022 жылдың соңынан бері тіркелмеген деңгейге жетті. Бағаның өсуіне Ормуз бұғазындағы газ тасымалының тоқтауы мен Еуропада жылыту маусымының басталуы себеп болып отыр.
Мазмұнға өту
