Қаржы

Қазақстанда жылдық инфляция бесінші ай қатарынан төмендеді

Сурет: ашық дереккөз

Қазан айында елімізде айлық инфляция 0,5% деңгейінде тіркелді. Бұл көрсеткіш қыркүйектегі мәннен 0,1 пайыздық тармаққа арзан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Азық-түлік тауарлары арасында жүзімнің бағасы 10%-ға, басты пияз 9,8%-ға, құмшекер мен түсті қырыққабат 9%-ға, алма 6,2%-ға, брокколи 4,6%-ға, алмұрт 3,5%-ға, жасымық 2,3%-ға, бидай жармасы 2,1%-ға және қой еті 1,4%-ға арзандады. Сонымен қатар қантты печенье мен бал 0,6%-ға, тәтті тоқаш 0,3%-ға, күнбағыс майы мен шоколад пастасы 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде блендер 6,7%-ға, модемдер мен роутерлер 4,2%-ға, қысқа толқынды пеш 2,4%-ға, жабыспайтын жабыны бар таба 0,5%-ға, балалар сабыны 0,4%-ға, тіс пастасы 0,3%-ға және қоқыс шелегі 0,1%-ға арзандады.

2026 жылғы қазанда жылдық инфляция 9,2% болды (қыркүйекте 9,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 10,4%-ға, ақылы қызметтер 10,3%-ға, азық-түлік тауарлары 7,6%-ға өсті.

Жылдық мәнде қияр 34,4%-ға, банан 12,4%-ға, лимон 11,1%-ға, сарымсақ 10,2%-ға, жүзім 1,9%-ға, киви мен тәтті бұрыш 0,9%-ға, басты пияз 0,4%-ға арзандады.

2025 жылғы қазанмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында отандық құрастырылған жеңіл автомобильдердің бағасы 17,3%-ға, электр бұрғылар мен бұрауыштар 10,5%-ға, электр еттартқыштар 3,9%-ға, модемдер мен роутерлер 2,1%-ға, балғалар 0,1%-ға төмендеді.

Айта кетейік, қазан айының ортасында елімізде инфляция 9,3%-ға дейін төмендеген болатын.

Көп оқылғандар