Сурет: ҰОК
Қазақстан құрамасы дзюдодан Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің финалында Жапония құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста екінші орынға тұрақтады.
Ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Меруерт Сәрсенова, Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Дана Әбдірова, Эсмигүл Куюлова, Ерасыл Қажыбаев және Екатерина Токарева өнер көрсетті.
Бұған дейін Ризабек Айтмұхан Азиадада жапон балуанына есе жіберген болатын.
