Басты тақырып

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Президент Теміртау қаласындағы бірнеше әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Түркияға ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.

Көп оқылғандар