Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Федералдық Канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы бұл күн Германияның тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы берік қадамын көрсететінін атап өтті.
Президент жуырда Германияға жасаған ресми сапарында көрсетілген жылы қарсы алу мен қонақжайлық үшін ризашылық білдіріп, мазмұнды келіссөздерді жоғары бағалады.
Ол Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін нығайтып, басым салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Тоқаев Штайнмайер мен Мерцке мемлекеттік қызметте табыс, Германия халқына бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдағанын атап өткен жөн.
