Басты тақырып

Апта басында Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады

Сурет: Aikyn.kz

Апта басында Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр мен дымқыл қар жауады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +6…+8°C шамасында.

Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +19…+21°C жетеді.

Көп оқылғандар