Сурет: Никита Басов
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсу жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
85 келі салмақта сынға түскен Мерей Қабдуллаев алтын медаль үшін Сауд Арабиясының өкілі Абдуллах Тариг Надамен белдесіп, 0:7 есебімен жеңіліс тапты.
Отандасымыз финалға дейін Батбайар Батсухты (Моңғолия), Осама Набасты (Иордания), Абдурахман Муртазалиевті (Қырғызстан) ұтқан болатын.
Бұған дейін джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде, ал Сейілхан Болатбек (77 келі) мен Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде алған еді.
