Сурет: gov.kz
Астанада халықаралық іс-шараларға байланысты 5-7 қараша аралығында кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді. Ведомствоның хабарламасында шектеулер 2026 жылдың 5-7 қараша аралығында елорданың жекелеген көшелерінде енгізілетіні айтылған.
«2026 жылдың 5-7 қараша аралығында Астана қаласында бірқатар халықаралық саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жұмыстарына байланысты елорданың жекелеген көшелерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі», делінген хабарламада.
Іс-шаралар аясында Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарының, құқық қорғау органдарының және Қарулы күштерінің күштері мен құралдары жұмылдырылады.
Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары жоспарланған. Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындар мен қала қонақтарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды.
Мазмұнға өту
