Сурет: 24KZ
Синоптиктердің болжамынша, қараша айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық мөлшерден 1-2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осы айда ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанып отыр.
«Желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетуі мүмкін», — делінген хабарламада.
24KZ мәліметінше, айдың алғашқы аптасында күн салыстырмалы түрде жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Ал бірінші онкүндіктің ортасынан бастап батыста, кейін елдің басқа өңірлерінде жаңбыр жауады.
Айта кетейік, 1 қарашада елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік және шығыс аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.
Мазмұнға өту
