Басты тақырып

Тоқаев Алжир Президентін Революция күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы өз жеделхатында екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Президент Әбделмәжид Теббунға жауапты қызметінде табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, 31 қазанда Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Куба мен Марокко Корольдігіндегі елшілері тағайындалды.

Көп оқылғандар