Басты тақырып

Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Сурет: commons.wikimedia.org

Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті шығарылды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, оқиға «Мадрид» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде болған.

Астана қалалық Полиция департаменті мәйіттің табылғанын растады. Қаза тапқан азаматтың жеке басы анықталған.

«Есіл өзенінен мәйіт табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Еске салайық, Жезқазғанда әлеуметтік желілерде ер адамның денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған оқиғаның видеосы пайда болды.

Көп оқылғандар