Басты тақырып

Үндістандағы Гималай тауларында тікұшақ апатқа ұшырады, бортта 6 адам болған

Сурет: media.az

Үндістанның Гималай тауларында тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әуе кемесінің бортында ұшқышты қоса алғанда 6 адам болған. Тікұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15 шамасында Бадринатх қаласынан ұшып шыққан. Алайда қар жауып тұрған кезде онымен байланыс үзілген.

«Джошиматх маңындағы Чайен ауылының жанында тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы қайғылы хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта аудан әкімшілігі, табиғи апаттарды басқару департаменті және штаттың төтенше жағдайларға ден қою күштері бірлесіп құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп мәлімдеді Пушкар Сингх Дхами.

Айта кетейік, 20 қазанда сағат 22:40 шамасында Нанси-Оше 133-әуе базасында орналасқан 2/3 «Шампань» жойғыш эскадрильясының Mirage 2000D ұшағы тапсырмадан оралу кезінде әуе апатына ұшырады.

Көп оқылғандар