Жайық news

БҚО-да келіссөз жүргізу тобы жаттығу өткізді

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың келіссөз жүргізу тобы өз бетінше жаттығу сабағын өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — келіссөз процесіне тартылған мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ төтенше және дағдарыстық жағдайларда топ қатысушыларының өзара іс-қимылы мен іс-әрекеттерінің үйлесімділік деңгейін арттыру.

Сабақ барысында келіссөз жүргізудің психологиялық, діни және теологиялық аспектілері, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу кезінде келіссөз тобының жұмыс ерекшеліктері қарастырылды.

Келіссөз процесін ұйымдастыру, мамандар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл және оқу жағдайында практикалық дағдыларды пысықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Теориялық білімді бекіту үшін осындай жаттығуларды өткізудің практикалық тәжірибесін көрсететін бейнематериалдар пайдаланылды.

Мұндай жаттығу іс-шараларын өткізу қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және дағдарыстық жағдайларға ден қою кезінде іс-әрекеттердің үйлесімділігін нығайтуға ықпал етеді.

Көп оқылғандар