Сурет: istockphoto.com
Қазақстан аумағында жасы жүзден асқан 44 зейнеткер өмір сүріп жатыр. Бұл деректі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Корпорацияның мәліметінше, республикадағы ең жасы үлкен әйел зейнеткер 106 жаста. Ол Шымкент қаласында туыстарымен бірге тұрады.
Ерлер арасындағы ең қарт зейнеткер — Алматы қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор және академик Зұлқарнай Сейітов. Ол 104 жаста.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы төлемдерін алып отыр. Олардың 64%-ы әйелдер, ал 36%-ы ер азаматтар.
Сонымен қатар, елімізде ең көп зейнетақы жинағын жинақтаған салымшының міндетті зейнетақы шотында 387 547 976 теңге қаражат бар.
