Сурет: Жайық Пресс
Прокуратураның араласуынан кейін құны 4,3 млрд теңге болатын алты сумен жабдықтау нысаны мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл Теректі ауданындағы төрт ауылдың абоненттері үшін тарифті 4,5 есеге төмендетуге мүмкіндік береді.
Тексеру барысында кең ауқымды мәселе анықталды: мемлекеттік қаражатқа салынған ондаған сумен жабдықтау нысаны жылдар бойы тиісті рәсімдеусіз қалып, тұрғындар тиесілі субсидияларды пайдалана алмаған.
Ведомствоның баспасөз орталығының мәліметінше, ауданның 25 елді мекенінде 2015–2025 жылдары салынған су мұнаралары мен сумен жабдықтау желілері уақытында рәсімделіп, коммуналдық меншікке берілмеген. Соның салдарынан мемлекеттік субсидиялар бөлінбей, ауыз су тарифін 666,7 теңгеден 150,8 теңгеге төмендетуге кедергі болған.
Қалған 19 сумен жабдықтау нысаны мемлекеттік тіркеу сатысында тұр.
Мазмұнға өту
