Сурет: Report
Нью-Йорк тауар биржасы (NYMEX) мен Comex биржасында алтын, күміс, платина және палладий фьючерстерінің құны сауда кезінде арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
NYMEX биржасында палладийдің желтоқсан айындағы фьючерстері 3,19%-ға төмендеп, бір трой унциясы 981,5 доллар болды. Платинаның қаңтар айындағы фьючерстері 5,16%-ға арзандап, бір унциясы 1 460,4 долларға түсті.
Comex биржасында алтынның желтоқсан айындағы фьючерстері бір трой унциясы үшін 4 008,5 доллар деңгейінде саудаланып, 1,06%-ға кеміді.
Бағалы металдар арасында ең үлкен төмендеу күмісте тіркелді. Оның желтоқсан айындағы фьючерстерінің құны 4,52%-ға арзандап, бір трой унциясы 51,24 долларды құрады.
Бүгін доллар 449-456,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мазмұнға өту
