Сурет: Egemen Qazaqstan
«Самұрық-Энерго» компаниясының басқармасы басшыны ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шешімнің себебі ретінде компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының қанағаттанарлықсыздығы, сондай-ақ жаңа генерациялық қуаттарды салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын бақылаудың жеткіліксіздігі аталды.
«Шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын іске асыру қарқынының қанағаттанарлықсыз болуына, сондай-ақ жаңа генерациялық қуаттарды салу және пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз жүргізілуіне байланысты қабылданды», – делінген хабарламада.
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» компаниясын 2023 жылдың маусым айынан бастап басқарған. Бұған дейін, 2009–2018 жылдары, ол компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Кейін энергетика саласындағы холдингтерді басқарған.
Мазмұнға өту
