Қаржы

TikTok-та несие мен айыппұлды есептен шығаруды уәде ететін алаяқтық схемасы тарады

Сурет: ашық дереккөз

TikTok әлеуметтік желісінде азаматтарға 5 миллион теңгеге дейінгі несиелер мен айыппұлдарды есептен шығаруға уәде беретін алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

24KZ мәліметінше, алаяқтар сенім ұялату үшін Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қолданады және «әлеуметтік төлем» алу үшін сілтемеге өтуді ұсынады. Күдікті парақшаны Дезинформациямен күрес орталығының мамандары зерттеген. Сайт ресми порталға ұқсайды: пайдаланушыға туған жылын енгізуді сұрайды, содан кейін жүйе «өтемақы мақұлданды» деген хабарлама шығарады. Келесі қадамда бет Telegram арқылы авторизациядан өтуді талап етеді. Адам кіргенін растаған кезде қаскөйлер оның аккаунтын, жеке хат-хабарын және контактілерін толық бақылауға алады.

Мамандар парақшадағы мемлекеттік рәміздер мен логотиптердің қауіпсіздікке кепілдік бермейтінін еске салады. Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми сайттары gov.kz домендік аймағында, ал басқа отандық ұйымдардың көпшілігі .kz аймағында тіркелген.

Сонымен қатар Ақмола облысында полиция интернет арқылы жасалған алаяқтық фактісін анықтады. Жәбірленуші бейтаныс адамға сеніп, шамамен 2,3 млн теңгесін аударып жіберген.

Көп оқылғандар