Қоғам

30 қазанда Қазақстан қалаларында қандай ауа райы күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

30 қазанда Қазақстанның көп бөлігінде таңғы уақытта тұман болады, ал шығыстағы бірқатар қалада жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, температура төмендейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада ауа райы жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Жел секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -2…-4°C, күндіз +7…+9°C күтіледі.

Алматыда да жауын-шашын болмайды, бұлтты. Жел секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде +1…+3°C, күндіз +12…+14°C болады.

Шымкентте жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел секундына 2–7 метр. Түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C-қа дейін көтеріледі.

Ақтауда күн ашық. Жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтөбеде ашық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5 метрге дейін. Түнде -4…-6°C, күндіз +14…+16°C.

Атырауда ашық. Жел секундына 2–7 метр. Түнде +1…+3°C, күндіз +17…+19°C.

Жезқазғанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 4–9 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +9…+11°C.

Қарағандыда бұлтты. Жел секундына 5–10 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.

Көкшетауда бұлтты. Жел секундына 7–12 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.

Қонаевта бұлтты. Жел секундына 9–14 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +12…+14°C.

Қостанайда бұлтты. Жел секундына 5–10 метр. Түнде -2…-4°C, күндіз +11…+13°C.

Қызылордада ашық. Жел секундына 9–14 метр. Түнде +1…+3°C, күндіз +16…+18°C.

Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9–14 метр. Түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.

Петропавлда бұлтты. Жел секундына 9–14 метр. Түнде -2…-4°C, күндіз +7…+9°C.

Семейде жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 5–10 метр. Түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Талдықорғанда бұлтты. Жел секундына 3–8 метр. Түнде -7…-9°C, күндіз +13…+15°C.

Таразда бұлтты. Жел секундына 9–14 метр. Түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.

Түркістанда бұлтты. Жел секундына 5–10 метр. Түнде +1…+3°C, күндіз +17…+19°C.

Оралда бұлтты. Жел секундына 5–10 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +15…+17°C.

Өскеменде жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 4–9 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C.

Көп оқылғандар