Сурет: Egemen Qazaqstan
29 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде түнде ауа температурасы нөлден төмен түседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада жаңбыр жауып, жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -2…-4°C, күндіз +9…+11°C күтіледі.
Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды. Алматыда түнде +1…+3°C, күндіз +11…+13°C; Шымкентте түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.
Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Қызылордада күн ашық. Ақтауда түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C; Ақтөбеде түнде -4…-6°C, күндіз +16…+18°C; Атырауда түнде +1…+3°C, күндіз +17…+19°C; Қызылордада түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C.
Жезқазған, Қарағанды, Қонаев, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал және Өскеменде жауын-шашынсыз. Өскеменде түнде -4…-6°C, күндіз +6…+8°C; Семейде түнде -3…-5°C, күндіз +7…+9°C.
Көкшетауда жел екпіні секундына 15 метрге жетеді, түнде 0…+2°C, күндіз +6…+8°C. Павлодарда жаңбыр жауады. Петропавлда жаңбыр аралас қар жауып, жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Мазмұнға өту
