Сурет: ҚКФ
Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының ертеңгі жетінші жарыс күнінде еркін күрестен төрт отандасымыз алғашқы белдесулерін өткізеді, ал Өсімжан Дастанбек жұбаныш белдесуіне қатысады. Әйелдер күресінен Алтын Шағаева қола медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін жартылай финалда Үндістан өкілі Манишаға 0:10 есебімен жол берген отандасымыз қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.
Жұбаныш белдесуіне шығатын Өсімжан Дастанбектің қарсыласы — Зенимедер Бамбасурен (Моңғолия).
Еркін күрестен алғашқы белдесуге шығатын балуандарымыздың қарсыластары: Орозбек Асан уулу (Қырғызстан), Э. Омулуле (Кения), Г. Иглесиас Рам (Испания), А. Абрамишвили (Грузия).
Белдесулер Астана уақытымен сағат 10:30-да басталады. Еркін күрестен жартылай финалдық кездесулер 16:30-ға, ал медаль үшін шешуші белдесулер 18:00-ге жоспарланған.
Еске салайық, күрестен Әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы «Барыс Аренада» өтіп жатыр.
Мазмұнға өту
