Сурет: Egemen Qazaqstan
«Бернли» клубының 18 жастағы шабуылшысы Ұлттар лигасының ойындарына қатысатын футболшылардың соңғы тізіміне енбеді. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев тағы да жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Футболшының толық қалпына келуіне шамамен алты апта қажет болады. Бұл ақпаратты спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мәлімдеді.
Дәл осы жарақатына байланысты Сәтпаев 13 қарашада Молдоваға және 16 қарашада Словакияға қарсы өтетін матчтарға қатыса алмайды.
Дастан Сәтпаев бұған дейінгі жарақатын 2 қыркүйекте Англия чемпионшипі аясында «Мидлсбро» командасына қарсы өткен матчта алған. Кездесу 1:1 есебімен аяқталған.
Қазақстандық футболшы «Бернли» клубының негізгі құрамында алаңға шығып, 81 минут ойнады. Алайда санның артқы бұлшықеті жарақаттанып, матчты жалғастыра алмады.
Осы жарақатына байланысты Сәтпаев Қазақстан құрамасының қыркүйек және қазан айларындағы матчтарынан тыс қалды.
10 қазанда футболшы жарақатынан кейін алғаш рет алаңға оралып, «Уотфордқа» қарсы кездесуде 16 минут ойнады. Алайда 13 қазанда «Чарльтонға» қарсы матчқа қатысқан жоқ.
Кездесуден кейін команданың бас бапкері Ники Хайен ойыншының алаңға шығуына «Челси» клубы рұқсат бермегенін мәлімдеді.
Одан кейін, 16 қазанда, Сәтпаев «Вулверхэмптонға» қарсы матчта ойынға қосалқы құрамнан кіріп, 29 минут өнер көрсетті. Ал 24 қазанда «Линкольнге» қарсы кездесуде алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, 59 минут ойнаған болатын.
Мазмұнға өту
