Сурет: ҚКФ
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде Беларусь өкілі Наталья Варакинаны 6:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Зейнеп Әлем чемпионатын қатарынан екі жеңіспен бастаған. Ол алдымен Өзбекстан балуаны Актенге Кеунимжаеваны 7:3 есебімен ұтса, ширек финалда Моңғолия өкілі Отгонжаргал Долгоржавтан 5:4 есебімен басым түсті.
Алайда жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламға 3:7 есебімен есе жіберіп, алтын медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылған еді.
Дегенмен отандасымыз қола медаль үшін өткен шешуші кездесуде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерінің алдында Әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Мазмұнға өту
