Қоғам

Жаңаөзенде 15 млн теңгелік алтын бұйым ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: gov.kz

Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатындағы зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тасты 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлаған. Жәбірленуші бейнебақылау жазбаларын қарап, ұрлықты анықтаған. Материалдық шығын 15 миллион теңгеге бағаланған.

15 қазанда полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол ұрлықты мойындап, зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін айтқан. Қазір ұрланған бұйымдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Өскемен қаласында да полицейлер құны 2,7 млн теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын ашты. Зергерлік дүкен сөресінен алтын әшекейлер, оның ішінде бағалы тастары бар бұйымдар қойылған тіреуіш ұрланған.

Көп оқылғандар