Қоғам

Алматы метросында кастет ұсталған екі азаматқа қатысты іс қозғалды

Сурет: Видеодан алынған кадр

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолаушылардың багажын тексеру кезінде кастет табылды. Екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдік тудырған заттар жолаушылардың багажын тексеру барысында анықталған.

«Екі азамат та тергеу жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Азаматтардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция Қазақстанда кастет суық қару саналатынын еске салды. Оны заңсыз айналымға енгізуге және алып жүруге тыйым салынған.

Бұған дейін Семейде туыстарының үйіне қару асынып барған ер адам ұсталған еді.

Көп оқылғандар