Сурет: ТЖМ
Астананың Байқоңыр ауданындағы Кеншілер көшесінде түнде барак үлгісіндегі төрт пәтерлі жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт 300 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылар жалынды толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
«Электр құрылғыларын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз. Электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеңіз. Жылыту құрылғыларының жарамдылығын үнемі тексеріп отырыңыз. Ашық отты қараусыз қалдырмаңыз. Үйіңізге автономды өрт хабарлағышын орнатыңыз», делінген хабарламада.
Бұған дейін Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланған еді.
Мазмұнға өту
