Қаржы

Қазақстан QR-төлем жүйесін Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжанмен біріктіреді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Тәжікстан Республикасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық банктерінің өкілдері қатысқан төртінші өңірлік кездесу өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Қазақстанның ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру туралы ұсынысы қолдау тапты. Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың соңына дейін аталған елдердің тұрғындары шетелде өз банктерінің мобильді қосымшасы арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасап, бір-біріне ақша аудара алатын тетік әзірленбек.

Сонымен қатар тараптар төлем жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, кибершабуылдардан қорғау, жасанды интеллект, SupTech және RegTech технологияларын қолдану, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы күрестің озық тәжірибелерін талқылады.

Бұған дейін Қазақстанның ұлттық төлем жүйесін Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістанды қоса алғанда, тағы 11 елдің төлем жүйесімен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Көп оқылғандар