Басты тақырып

Тоқаевтың Германияға сапары Мюнхенде жалғасады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Президент Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен, сондай-ақ бизнес-құрылым өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Көп оқылғандар